jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Ромелу Лукакудың жаңа маусымда қай клубта өнер көрсететіні белгілі болды

    Ромелу Лукаку
    Ромелу Лукаку. Фото: football-italia.net

    Бельгия құрамасы мен "Челсидің" шабуылшысы Ромелу Лукакудың 2022/23 жылғы маусымда қай клубта ойнайтыны белгілі болды, деп жазады Sports.ru.

    Басылымның мәліметінше, 29 жастағы футболшыны миландық "Интер" бір маусымға жалдаған. Бұл үшін "Интер" "Челсиге" 8 миллион еуро төлейді. Себебі клубтың шабуылшыны сатып алуға мүмкіндігі жоқ.

    Одан бөлек Ромелу миландық ұжым сапында доп тебу үшін жалақысын 30 пайызға қысқартқан. Жаңа маусымда футболшы салықты есептемегенде 7 миллион фунт алады.

    Сондай-ақ Ромелу Лукаку ауысым туралы пікір білдіріп, қандай сезімде екенін айтып берді.

    "Бір жыл бұрын осы командамен үлкен бір оқиғаның куәсі болдым. "Интер" маған көп нәрсе үйретті. Мен үйіме оралғандаймын. Миланда өзіме және отбасыма серіктестердің, жанкүйерлердің және басқа адамдардың көзқарасы жақсы болды. Бірінші күннен бастап барлығы маған көмектесуге тырысты. Қайтып келгеніме қуаныштымын. Мен жанкүйерлер мен команданы қуанту үшін барымды саламын", - дейді бельгиялық шабуылшы.

    Ромелу Лукаку "Интерде" 90 нөмірмен өнер көрсетпек. Себебі 9 нөмір Эдин Джекоға тиесілі.

    Айта кетейік, Ромелу Лукаку "Интер" сапында 2019-2021 жылдар аралығында ойнады. Былтыр жазда ол "Челсиге" 115 миллион еуроға сатылды.

    Соңғы маусымда 29 жастағы шабуылшы "Челси" сапында 44 матчқа қатысып, 15 гол соқты.

    Ромелу Лукакудың жаңа маусымда қай клубта өнер көрсететіні белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.