АҚШ-тың Орегано штатына қарасты Юджин қаласында жеңіл атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы алтын медаль алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бүгін 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден финалдық бәсеке өтті.
Бұл сында Қазақстан намысын қорғаған кениялық легионер Нора Джеруто мәреге бірінші болып келіп, елімізге жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының "алтынын" сыйлады.
Бұл - Қазақстанның жеңіл атлетика тарихындағы бірінші алтын медалі.
Ақтық сында Нора Джеруто мәре сызығын 8:53.02 аралығында жүгіріп өткен.
Екінші орын эфиопиялық желеаяқ Веркуха Гетачьюге (8:54.61), үшінші орын оның отандасы Мекидес Абебеге (8:56.08) бұйырды.
Айта кетейік, Кения тумасы Нора Джеруто елімізге 2017 жылы келді. 2022 жылы Қазақстан атынан әлемдік додаларға қатысуға рұқсат алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1979467-qazaqstan-tungys-ret-el-tarixynda-zenil-atletikadan-alem-cempionatynda-altynyn-aldy/