Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында алтын алған Джерутоға қанша сыйақы беріледі

Опубликовано:

Нора Джеруто
Нора Джеруто. Фото: Jewel Samad/Getty Images

Жеңіл атлетика бойынша АҚШ-та өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткен қазақстандық спортшы Нора Джерутоның қанша сыйақы алатыны белгілі болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Джеруто кедергілер арқылы 3000 метрге жүгіру бойынша алтын медаль алды. Сондай-ақ ол әлемдік рекорд орнатты (8:53.02).

Бұл жеңіл атлетика бойынша әлем чемпионатындағы Қазақстанның алған алғашқы алтын медалі болып отыр.

Нораның сөзінше, сайыс оңайға түспеген. Ол негізінен эфиопиялық қарсыластарынан қауіптенгенін айтты.

Айта кетейік, 2022 жылғы әлем чемпионатында алтын медаль алғандарға 70 мың доллар (33 млн теңге) сыйақы қарастырылған.

Күміс жүлде иеленгендерге 35 мың доллар (16 млн теңге), ал қола олжалағандарға 22 мың доллар (10 млн теңге) беріледі.

Еске сала кетсек, Нора Джеруто Кения тумасы, дегенмен бірнеше жылдан бері Қазақстан намысын қорғап жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1979585-zenil-atletikadan-alem-cempionatynda-altyn-algan-dzerutoga-qansa-syiaqy-beriledi/

pixel