Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жеті айдан бері сырқаттанып қалды": Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионының ауырып жатқаны белгілі болды

Опубликовано:

Әлжан Жармұхамедовтың сырқаттанып қалғаны белгілі болды
Әлжан Жармұхамедов: prosports.kz

Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Әлжан Жармұхамедовтің сырқаттанып қалғаны белгілі болды. Бұл туралы танымал спорт журналисі Қыдырбек Рысбек мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы журналист Facebook парақшасына жазды

"Атыраудан Қабибек бауыр хабарласты. Амандық-саулықтан соң Әлжан Жармұхамедов туралы кітабы басуға дайын тұрғанын тілге тиек ете келе: "Әлжан аға қатты сырқаттанып жатыр. Тез арада жарыққа шыққаны жөн болар еді", - деді үні біртүрлі құмығып.

Төбемнен жай түскендей күй кештім. Содан Мәскеуге, Әлжан ағама телефон соқтым. Ағаның дауысы біртүрлі бәсең. Хал-жағдай сұрастық. Жеті айдан бері сырқаттанып жүргенін айтты. Шамалы тілдескеннен кейін әңгімені созудың ретін таппадым. Қош айтысып, телефонның тетігін басуға тура келді.

Әлжан Жармұхамедов қазақ жұртының баскетболдағы үлесі мол екенін айдай әлемге жария қылған бірінші спортшымыз. Біздің ұлттан шыққан бірінші Олимпиада чемпионы (1972 ж.), Олимпиада ойындарының қола медалисі (1976 ж.), әлем чемпионатының күміс, қола жүлдегері, Еуропаның 3, Совет одағының 10 дүркін чемпионы! Ойыншылықты доғарған соң Өзбекстан командасын, Ресей құрамасын баптады.

Қадірлі бауырлар! Әлжан ағамыз жеті айдан бері ауырып жүр екен. Ол кісіге Алла Тағаладан көп болып денсаулық сұрасақ, дертіне шипа тілесек, деген тілек бар. Аталарымыз "Көптің тілеуі - көл", дейді. Бәлкім, ішімізден біреуіміздің тілегіміз қабыл болып, Әлжан ағамыз аяғына тұрып кетер!", - деп жазды Қыдырбек Рысбекұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1980942-zeti-aidan-beri-syrqattanyp-qaldy-qazaqtan-syqqan-tungys-olimpiada-cempionynyn-auyryp-zatqany-belgili-boldy/

pixel