1 тамызда Дубайда "Қазақ титаны" мен "Ирандық Халк" арасында жекпе-жек өтті. Екі мықты бокс ережесі бойынша жұдырықтасты. Қазақстандық қарсыласын бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Sports.kz басылымының хабарлауынша, "Қазақ титаны" Алмат Жұманов пен "Ирандық Халк" Саджад Гариби арасындағы жекпе-жек британиялық Wicked N' Bad промоушенының қолдауымен өткен.
Күштілердің жекпе-жегі ауыр салмақта өтетіні жарияланды және 2 минуттан 4 раундқа созылуы керек еді, дегенмен "Қазақ титаны" бірінші раундта-ақ қарсыласынан басым түсіп, оны техникалық нокаутпен жеңді.
Жекпе-жек алдында жанкүйерлер "ирандық Халк" Саджад Гарибидің физикалық дайындығына күмән келтірген. Олар оның әлеуметтік желідегі фотоларда әсерлі көрінетініне назар аударған.
Басылымның жазуынша, қарсыластар жекпе-жек алдындағы көз арбасу кезінде төбелесіп қалған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1981135-dubaida-otken-zekpe-zekte-qazaq-titany-irandyq-xalkty-birinsi-raundta-aq-nokautqa-tusirdi/