Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал аралас жекпе-жек шебері допинг дауына ілініп, бір жылға UFC-дан шеттетілді

Опубликовано:

жаттығу
Жаттығу залында жатқан жігіттер. Фото: pexels.com

Бразилиялық аралас жекпе-жек шебері Элизеу Залески допинг-тесттен өте алмай, UFC-ден бір жылға шеттетілді, деп жазады Championat.com.

Залескидің ағымдағы жылы 8 сәуірде сынақтан өтпегені белгілі болды. Осылашйа, оның 16 сәуірге жоспарланған жекпе-жегі өтпей қалған.

Залескидің менеджері Тиаго Окамура сынамада тыйым салынған заттың, остаринаның белгісі табылғанын түсіндірді. Дегенмен, оның ағзаға басқа препараттармен қоспалар түрінде түсуі мүмкін екені айтылды.

"Элизеу дәрі-дәрмек сатып алған дәріхана остаринді қолданғанын жоққа шығарады, сондықтан біз тығырыққа тіреліп қалды. Дәріханада USADA алдында кінәсін мойнына алуға ешқандай себеп жоқ. Жарты жылға жуық уақыт бойы Залескидің атына кір түсірмеу үшін күресіп келеміз. Біз мүмкін болғанның бәрін жасадық, бірақ дәріханаға остариннің дәрі-дәрмек құрамында болғанын айтқыза алмаймыз", - деді ол MMAFighting басылымына.

Элизеу Залески жекпе-жектерге 2023 жылдың сәуірінде орала алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1989154-tanymal-aralas-zekpe-zek-seberi-doping-dauyna-ilinip-bir-zylga-ufc-dan-settetildi/

pixel