Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ол менімен мақтанады": Қазақстандық әйел тұңғыш рет баскетболдан әлем чемпионатында төрелік етуде

Опубликовано:

Яна Никогосян ойынға төрелік етуде
Яна Никогосян. Фото: nbf.kz

Баскетболдан Австралияның Сидней қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында жерлесіміз Яна Никогосян төрелік етуде. Ол әлемдік сында төрелік етіп жатқан алғашқы қазақстандық әйел, деп жазады федерацияның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әлем біріншілігінде жалпы есебі 23 қазы жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде 12 әйел бар.

32 жастағы Яна 2019 жылдан бастап жасыл лицензия алған. Ол тұңғыш рет әйелдер арасындағы әлем чемпионатында төрелік ету мүмкіндігіне ие болды. Яна Никогосян әйелдер арасындағы Азия Кубогі, 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты мен Сербиядағы іріктеу турнирінде өзін білікті, кәсіби төреші ретінде көрсеткен.

Төрелік етуді Яна бала кезінен армандаған. Оның әкесі - Матевос Никогосян кәсіби төреші болып, Қазақстан тарихындағы тұңғыш ФИБА рефериі болған еді.

18 жасынан қазылықта қолға алған Яна Никогосян ел тарихындағы ФИБА-ның тұңғыш әйел төрешісі атану мақсатын қояды.

Яна 27 жасқа толғанда оның әкесі өмірден озады. Содан бері ол әкесінің де арманын орындауға көшкен.

"Ол мені мақтан тұтады деп өзіме уәде бердім. Міндетті түрде ФИБА төрешілерінің қатарына енемін деген арман болды. Мен шынында да төрелік етуді, баскетбол ойынын қатты жақсы көремін", - дейді Яна.

ФИБА-ның гендерлік саясатының арқасында жыл санап әйел төрешілердің саны көбейіп келеді. Былтыр бұл көрсеткіш 50 пайызға артқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1990051-ol-menimen-maqtanady-qazaqstandyq-aiel-tungys-ret-basketboldan-alem-cempionatynda-torelik-etude/

pixel