Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көшпенділер ойыны: Көкпардан Қазақстан құрамасы финалға шықты

Опубликовано:

көкпар
Көрнекі фото: ulttyqsport.kz

Түркияның Изник қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақстандық көкпаршылар финалға шықты, деп хабарлайды Қазақпарат.

Көкпардан Қазақстан құрамасы жартылай финалда Моңғолиямен күш сынасты.

Ойын барысында ел құрамасының басымдығы байқалып тұрды. Нәтижесінде қарсыласынан 12:2 есебімен айласын асырды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін отандық көкпаршылар Өзбекстанды 8:1 есебімен жеңген еді.

Осылайша Қазақстан құрамасы финалға жолдама алды. Көкпаршыларымыздың ақтық мәредегі қарсыласы - Қырғызстан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1990642-kospendiler-oiyny-kokpardan-qazaqstan-quramasy-finalga-syqty/

pixel