Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстанда екі қола ғана": Өзбекстан әлем чемпионатындағы екінші алтынын жеңіп алды

Опубликовано:

Мұзафарбек Туробоев жеңіске жеткен сәті
Мұзафарбек Туробоев. Фото: ijf.org

Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан әлем біріншілігінде татами иесі Өзбекстан командасы екінші алтын медалін жеңіп алды. Бүгін 100 келіге дейінгі салмақтағы Мұзафарбек Туробоев чемпион атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мұзафарбек әлем чемпионаты барысында АҚШ, Грузия, Канада, Нидерланд балуандарын жеңген. Ал финалда тағы бір Канада өкілі Кайл Рейстен басым түсті.

Осылайша, Туробоев Өзбекстан құрамасына аталған әлемдік сындағы екінші алтынды сыйлап отыр.

Бұл салмақта сынға түскен қазақстандықтар Нұрлыхан Шархан мен Ислам Бозбаев жүлде ауылынан алыс қалды.

Өзбекстан құрамасы тарихта тұңғыш рет әлем чемпионатынан екі алтын алып отыр. Кеше 90 келіге дейінгі салмақта Довлат Бобонов жеңімпаз атанған болатын.

Ал Қазақстан командасының қоржынында екі қола медаль бар. Жарыстың алғашқы күнінде Елдос Сметов пен Абиба Әбужақынова үздік үштікке енген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1992184-qazaqstanda-eki-qola-gana-ozbekstan-alem-cempionatyndagy-ekinsi-altynyn-zenip-aldy/

pixel