Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абиба Әбужақынова Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Опубликовано:

Абиба Әбужақынова
Абиба Әбужақынова татамиде. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық Абиба Әбужақынова қола медальға ие болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Отандасымыз әйелдер арасында 48 келіде сынға түсті. Қола медаль үшін таласта Абиба чилилік дзюдошы Мари Ди Варгас Леймен белдесті.

Негізгі уақытта есеп ашылмай, қосымша уақытта отандасымызға жеңіс бұйырды.

Айта кетейік, қазақстандық ару Ташкентте өтіп жатқан байрақты бәсекені екінші айналымнан бастаған болатын. Ол бірінші белдесуінде бразилиялық Аманда Лиманы "иппон" ұпайымен өтті. Белдесудің негізгі уақыты тең аяқталып, жеңімпаз қосымша кезеңде анықталды.

Үшінші кезеңде отандасымыз екі дүркін Еуропа чемпионы, әлемдік рейтинг көшбасшысы, франциялық Ширин Буклиді ұтты.

Абиба ширек финалда сербиялық Милица Николичтен басым түсті.

Ал жартылай финалда жапон дзюдошысына жол берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1991491-abiba-abuzaqynova-alem-cempionatynyn-qola-zuldegeri-atandy/

pixel