Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Самбодан Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылардың есімі белгілі болды

Опубликовано:

Самбо
Балуандар бозкілемде. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Самбодан Бішкекте өтетін Әлем чемпионатына баратын Ұлттық құрама белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Бішкекке аттанатын Ұлттық құрама спортшылары:

Самбодан - Қайырберді Айдынбай, Арнұр Қуатай, Есентай Имаханов, Мәрлен Жанғабыл, Еламан Қойшыбаев, Алибек Зекенов, Темірлан Көлбай;

Әйелдер – Маргарита Бажаева, Гүлдана Әлмұханбетова, Ажар Салықова, Маржан Бизақ, Ділдаш Кұрышбаева, Арайлым Әбенова, Азман Амаева;

Жауынгерлік самбо – Мирас Уәлиев, Әділбек Сейісов, Асылбек Смайылов, Әсет Анарбаев, Мәди Райхан, Айбек Саметаев, Талғат Жиентаев;

Ерлер құрамасының бас бапкері – Біржан Имаханов, ал әйелдер құрамасының бас бапкері – Құралбай Орынбасар.

Айта кетейік, 11-13 қараша аралығында Қырғыз Республикасының астанасы Бішкекте самбодан ересектер арасындағы Әлем чемпионаты өтеді. Онда 21 салмақта (ерлер 7, әйелдер 7, ерлер жауынгерлік самбодан 7) жеңімпаз анықталады. Бәсекенің жалпы жүлде қоры – 231 мың АҚШ доллары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1994356-sambodan-alem-cempionatynda-el-namysyn-kimderdin-qorgaityny-belgili-boldy-foto/

pixel