Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионаты: Қазақстандық каратэшілер бүгін 2 алтын жеңіп алды

Опубликовано:

Каратэ
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бүгін Түркияның Конья қаласында WKF каратэден кадеттер, жасөспірімдер мен жастар арасында өтіп жатқан Әлем чемпионатының 4-күні Қазақстан құрамасы 2 алтын және 1 қола медальге ие болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Кадеттер арасында кумите бағдарламасында 70 келіге дейінгі салмақта Әлихан Қадырғали финалда Иордания спортшысын 7:0 есебімен ұтты. Әлиханның жеке бапкері – Берік Қасенов.

Ал жасөспірімдер арасында Максим Москвичев 61 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірген жоқ. Жеке бапкері – Марат Әріпов (Алматы обысы). Сондай-ақ осы жас санатында Әлішер Тайжанов (+76 келі) қола медальге қол жеткізді. Оның жеке бапкері – Азамат Қойшыбаев (Жамбыл облысы).

Айта кетейік, ертең ӘЧ-ның соңғы күні тағы бір қазақстандық финалда, тағы біреуі қола медаль үшін таласады. Жалпы мұнда 104 елден 1900-ден астам татами шебері бас қосқан. Қазір Ұлттық құрама 3 жүлдемен (2 алтын, 1 қола) жалпы есепте 4-орында тұр. Көш басында 6 медалі (5 алтын, 1 қола) бар Жапония келе жатыр. Одан кейін Мысыр мен Түркия құрамасы жайғасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1994890-alem-cempionaty-qazaqstandyq-karatesiler-bugin-2-altyn-zenip-aldy/

pixel