Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теннистен әлем чемпионаты: Қазақстан Ұлыбритания құрамасын жеңіп кетті

Опубликовано:

Рыбакина
Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Шотландияның Глазго қаласында теннистен командалық әлем чемпионаты – Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде С тобында Қазақстан Ұлыбритаия құрамасын ұтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кортқа алғашқы болып Қазақстанның екінші, әлемнің 51-ракеткасы Юлия Путинцева мен дүниежүзілік рейтингіде 124-орында тұрған Кэти Бултер шықты.

Осыған дейін қарсыластар екі рет кездесіп, екеуінде де Путинцева жеңіске жеткен еді. Ойынның бірінші сетігде Бултер ойын соңына дейін басымдылықты сақтап қалды – 6:4. Екінші партияда керісінше қазақстандық спортшы брейк жасап, есепті 4:2-ге жеткізді. Сосын өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:3. Үшінші, шешуші сетте Путинцева қатарынан екі брейк жасады – 4:0. Содан соң өзінің екі геймін алды – 6:2.

Осылайша, Юлия командасын алға шығарды. Есеп – 1:0, Қазақстанның пайдасында.

Екінші кездесуде Қазақстанның бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Елена Рыбакина мен дүниежүзілік рейтингте 98-сатыда тұрған Хэрриет Дарт кортқа шықты.

Осыған дейін қарсыластардың екі мәрте жолдары тоқайласқан. Екеуінде де қазақстандық теннисші британдықтан айласын асырды.

Бірінші партияда есеп 1:1 болғаннан кейін Рыбакина дес бермей, қатарынан бес геймді алды - 6:1.

Екінші сетті қазақстандық спортшы 2:0 есебімен сәтті бастағанымен, Дарт таразы басын теңестірді. Есеп 4:4 болған мезетте Елена тағы бір брейкке қол жеткізді. Содан кейін матчқа доп бергенде, мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4.

Осылайша, Қазақстан 2:0 есебімен алға шықты.

Жалпы есепке еш әсер етпейтін жұптық ойында Елена Рыбакина мен Анна Данилина қарсыластың Алисия Барнетт пен Оливия Николлс дуэтіне есе жіберді. Есеп 5:7, 3:6.

Айта кетейік, сәрсенбі күні қазақстандық қыздар С тобында Испаниямен шеберлік байқасады. Оны жеңсе, жартылай финалға жолдама алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1996338-tennisten-alem-cempionaty-qazaqstan-ulybritaniya-quramasyn-zenip-ketti/

pixel