Бокстан Азия чемпионатының финалына шыққан қазақстандықтардың қарсыласы кім

Опубликовано:

Қоңқабаев
Қоңқабаев шаршы алаңда. Фото: Қазақстанның бокс федерациясы

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалы аяқталды. Нәтижесінде Қазақстан ұлттық құрамасының 13 былғары қолғап шебері ақтық мәреге шығып отыр. Олардың тоғызы ерлер, төртеуі әйелдер, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әйелдер арасындағы финалдық жекпе-жектер 11 қараша өтсе, ерлердікі 12 қарашаға жоспарланған.

Әйелдер:

48 келі Алуа Балқыбекова — Като Хикару (Жапония),

54 келі Жайна Шекербекова — Джутамас Джитпонг (Тайланд),

57 келі Карина Ибрагимова — Ирие Сена (Жапония),

81 келі Гүлсая Ержан — Савити (Үндістан).

Ерлер:

48 келі Санжар Ташкенбай — Аратаке Кадзума (Жапония),

51 келі Сәкен Бибосынов — Хасанбой Дусматов (Өзбекстан),

54 келі Махмұд Сабырхан — Карло Паалам (Филиппин),

57 келі Серік Теміржанов — Абдумалик Халоков (Өзбекстан),

67 келі Дулат Бекбауов — Бунджонг Синсири (Тайланд),

71 келі Асланбек Шымбергенов — Зеяд Ишайш (Иордания),

75 келі Нұрқанат Райыс — Саиджамшид Джафаров (Өзбекстан),

92 келі Айбек Оралбай — Мадияр Сайдрахимов (Өзбекстан),

+92 келі Қамшыбек Қоңқабаев — Лазизбек Муллажонов (Өзбекстан).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1996671-bokstan-aziya-cempionatynyn-finalyna-syqqan-qazaqstandyqtardyn-qarsylasy-kim/