Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан Азия чемпионаты аяқталды: Қазақстан жалпыкомандалық есепте нешінші орында

Опубликовано:

Назым Қызайбай
Фото: Спортты дамыту дирекциясы/Аян Төлеген

Иорданияның Амман қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасының былғары қолғап шеберлері байрақты бәсекеде жиырма бір медаль жеңіп алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

21 медаль жеңіп алған Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Олардың алтауы алтын, жетеуі күміс және сегізі қола.

Екінші орынға Өзбекстан құрамасы табан тіреді. Көрші елдің былғары қолғап шеберлері турнирде алты алтын, үш күміс және төрт қола жүлдеге қол жеткізді.

Үздік үштік Үндістан қорытындылады (төрт алтын, екі күміс және алты қола).

Азия чемпионатының қорытындысы:

  1. Қазақстан - 6-7-8,
  2. Өзбекстан - 6-3-4,
  3. Үндістан - 4-2-6,
  4. Иордания - 2-3-2,
  5. Таиланд - 2-2-1,
  6. Жапония - 1-5-1,
  7. Оңтүстік Корея - 1-1-4,
  8. Тайвань - 1-0-3,
  9. Филиппин - 1-0-2,
  10. Вьетнам - 1-0-1.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1996905-bokstan-aziya-cempionaty-ayaqtaldy-qazaqstan-zalpykomandalyq-esepte-nesinsi-orynda/

pixel