Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Тунисте өтіп жатқан жастар арасындағы Əлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Қазақстандық 15 жасқа дейінгі аралас жұптық сында мысырлық Хана Годамен бірлесіп, финалда Тьяго Абиодана мен Марии Берзосты (Португалия/Испания) сенімді ұтты. Есеп: 3:0.
Айта кетейік, Алан мен Хана жартылай финалдағы тартысты ойында жапониялық – Такуми Танимото мен Рин Мендені жеңді. Есеп: 3-2.
Аланның жеңісін тарихи нәтиже деп бағалауға болады. Ол - үстел теннисінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақстандық. Аланның бапкері – Эльмира Əлиева, Хананікі – Исмаил Хишам. Жастар арасындағы Əлем чемпионаты 11 желтоқсанда аяқталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2000967-tarixi-natize-alan-qurmangaliev-elem-cempiony-atandy/