Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сені жақсы көремін, мама": Марокколық футболшылар жеңіске жеткен соң аналарын құшақтай жөнелді (фото)

Опубликовано:

Ашраф Хакими анасымен
Ашраф Хакими анасымен. Фото: instagram/achrafhakimi

Футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында ширек финалдық кездесулер аяқталды. Доп додасының басты сенсациясы ретінде Марокко құрамасының азулы Португалияны жеңіп, жартылай финалға жолдама алғанын айтуға болады. Осы орайда, марокколық футболшылар қуанышты сәтті аналарымен бірге бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Атап айтар болсақ, жартылай қорғаушы Софьян Буфаль Португалиямен өткен матчтан соң жасыл алаңға анасын алып шықты. Ол ширек финалдағы жеңістен кейін анасымен алаңда қауышқан суретін әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған.

Сондай-ақ, Марокко құрамасының үздік ойыншыларының бірі Ашраф Хакими плей-офф кезеңіндегі жеңістен соң трибунада отырған анасын құшақтап, сүйіп алды.

"Мен сені жақсы көремін, мама", - деп жазды футболшы.

Еске сала кетейік, Марокко командасы өз тарихында тұңғыш рет футболдан әлем чемпионатының жартылай финалына жетіп отыр. Бұл Африка құрлығынан жартылай финалға дейін жеткен тұңғыш әрі жалғыз команда.

Марокко өз тобында үздік шығып, плей-офф кезеңінде Испанияны, ширек финалда Португалияны жеңді.

Жартылай финалда олар қазіргі әлем чемпионы Франция құрамасымен кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2001028-seni-zaqsy-koremin-mama-marokkolyq-futbolsylar-zeniske-zetken-son-analaryn-qusaqtai-zoneldi-foto/

pixel