Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі қазақстандық боксшы қайтыс болды (фото)

Опубликовано:

Қолғап
Көрнекі фото: piqsels.com

Бокстан КСРО чемпионы, ҚазКСР және Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпазы Болат Теміров 53 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл ақпаратты Қазақстанның бокс федерациясының баспасөз қызметі растады.

Айта кетейік, Болат Бисенұлы 1992 жылғы Олимпиада қатысушысы. Сонымен қатар ол Әлем чемпионатында да өнер көрсеткен.

Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылында былғары қолғап шебері ұлттық құраманың капитаны болған.

Ол бокстағы мансабын аяқтағаннан жеке кәсіппен айналысты, Қазақстанның бокс федерациясының бас хатшысы қызметін атқарды және Атырау облысының құрметті азаматы атанды.

"Қазақстан бокс федерациясы және еліміздің барша бокс қауымдастығы Теміров Болат Бисенұлының отбасының қайғысына ортақтасып көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2002216-belgili-qazaqstandyq-bokssy-qaitys-boldy-foto/

pixel