Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Англия құрамасының бұрынғы ойыншысы қайтыс болды

Опубликовано:

Табыт
Көрнекі сурет: pixabay.com

Футболдан Англия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Джордж Коэн көз жұмды. Ол 83 жаста еді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Англия құрамасының бұрынғы футболшысы 1939 жылы 22 қазанда өмірге келген. Кәсіби мансабында Джордж Коэн 13 маусым бойы доп тепкен. Оның "Фулхэм" сапында 459 кездесуге қатысқаны белгілі болды.

Оң қапталдың қорғаушысы Англия құрамасы сапында 37 матчқа шыққан және 1966 жылғы Әлем біріншілігінің жеңімпазы атанды. Турнирде Джордж Коэн алты матчта ел намысын қорғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2002880-futboldan-angliya-quramasynyn-buryngy-oiynsysy-qaitys-boldy/

pixel