Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік хоккейші әнұран кезінде орнынан тұрмаған астаналық жанкүйерлерге өкпесін айтты

Опубликовано:

Сергей Широков баспасөз мәслихатында
Сергей Широков. Фото: hc-avto.ru

Кеше Құрлықтық хоккей лигасында "Барыс" пен "Автомобилист" арасындағы кездесу өтіп, астаналық команда жеңіске жетті. Ал матч арасындағы үзілісте ресейлік команда өкілі өз ренішін айтқан, деп жазады sports.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сенбілік матчтағы үзілісте "Автомобилист" капитаны Сергей Широков кішігірім сұхбат беріп, Ресей әнұраны ойнағанда орнынан тұрмаған жанкүйерлерге ескерту жасады.

"Елдің әнұраны ойнаған кезде орнынан тұру керектігін бізге бала күнімізден үйретеді. Ресей әнұраны ойнаған кезде көп адам орнынан тұрған жоқ. Меніңше, бұл қолайсыз жағдай", - деді Широков.

Айта кетелік, Астанада өткен кездесуде жалпы есебі 9 шайба соғылып, "Барыс" Екатеринбургтен келген қонақтарды 5:4 есебімен ұтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2002968-reseilik-xokkeisi-anuran-kezinde-ornynan-turmagan-astanalyq-zankuierlerge-okpesin-aitty/

pixel