Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық ару алғаш рет әлемдегі үздік он теннисшінің қатарына кірді

Опубликовано:

Анна Данилина
Анна Данилина кортта: Қазақстанның теннис федерациясы

Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында алғаш рет әлемдегі үздік он теннисшінің қатарына кірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.

Халықаралық әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингінде отандық ару үздік ондықтың қатарынан көрінді. Бұл – оның спорттық жолындағы жеке рекорды.

Бұған дейін Анна Данилина он бірінші сатыда тұрған еді.

Айта кетейік, Анна кәсіби мансабында жұптық сында үш мәрте WTA титулын жеңіп алған. Спортшы үшін өткен маусымда жаман болған жоқ. 2022 жылы ол бразилиялық Беатрис Аддад Майямен бірге Australian Open турнирінің финалына дейін жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2004663-qazaqstandyq-aru-algas-ret-alemdegi-uzdik-on-tennissinin-qataryna-kirdi/

pixel