Australian Open-2023: Михаил Кукушкин іріктеу сайысын сәтті бастады

Опубликовано:

Теннис
Михаил Кукушкин кортта. Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық Михаил Кукушкин Аустралия ашық чемпионатының іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.

Дүниежүзілік рейтингте 195-орында тұрған отандық спортшы әлемнің 157-ракеткасы, аустралиялық Джеймс Даквортпен кездесті.

Нәтижесінде Кукушкин екі сетте де қарсыласын басым түсіп, сайыстың екінші айналымына жолдама алып отыр.

Енді ол іріктеудің финалына шығу үшін әлемнің 138-ракеткасы, жапониялық Ёсуке Ватанукимен ойнамақ.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық Тимофей Скатов Аустралия ашық чемпионатының іріктеу сайысын жеңіспен бастаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2004842-australian-open-2023-mixail-kukuskin-irikteu-saiysyn-satti-bastady/