Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Юлия Путинцева Аустралиядағы жарыстың ширек финалына шықты

Опубликовано:

Путинцева
Путинцева кортта. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Юлия Путинцева Аустралияда өтіп жатқан Хобарт WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.

Путинцева екінші айналымда әлемнің 77-ракеткасы, испаниялық Нурия Парризас-Диаспен кездесіп, 6:2, 6:3 есебімен басым түсті.

Енді отандық спортшы жүлде қоры 259 303 АҚШ долларына бағаланған жарыстың жартылай финалына шығу үшін әлемнің 72-ракеткасы, ресейлік Анна Блинковамен ойнайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Аустралия ашық чемпионатының ұйымдастыру комитеті биылғы бірінші "Үлкен дулыға" турниріне қатысатын ойыншылар тізімін жария еткен еді. Олардың арасында қазақстандық теннисшілер бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2005011-yuliya-putinceva-australiyadagy-zarystyn-sirek-finalyna-syqty/

pixel