jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Australian Open турнирінде Қазақстан атынан кімдердің өнер көрсететіні белгілі болды

    теннис
    Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

    Аустралия ашық чемпионатының ұйымдастыру комитеті биылғы бірінші "Үлкен дулыға" турниріне қатысатын ойыншылар тізімін жария етті. Олардың арасында қазақстандық теннисшілер бар, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.

    Жекелей сында Елена Рыбакина, Александр Бублик және Юлия Путинцева өнер көрсетеді.

    Оларға іріктеу сайысында бақ сынап жатқан Тимофей Скатов пен Михаил Кукушкин қосылуы мүмкін.

    Сондай-ақ жұптық сында тізімге енген спортшылар: Андрей Голубев – Александр Недовесов, Александр Бублик – Джон-Патрик Смит (Аустралия), Анна Данилина – Саня Мирза (Үндістан), Елена Рыбакина – Анастасия Павлюченкова (Ресей), Юлия Путинцева – Софья Кенин (АҚШ).

    Аустралия ашық чемпионаты 16-29 қаңтар аралығында өтеді.

    Australian Open турнирінде Қазақстан атынан кімдердің өнер көрсететіні белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.