Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ренн" мен "ПСЖ" арасындағы матчта күтпеген нәтиже тіркелді

Опубликовано:

ПСЖ
Фото: Twitter/Paris Saint-Germain

Түнде футболдан Франция біріншілігінің он тоғызыншы турының бірнеше матчты өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ренн қаласындағы "Роазон Парк" стадионында өткен матчта жергілікті ұжым париждік "ПСЖ" клубын қабылдады.

Тартысты өткен ойында алаң иелері жеңіске жетті. Есеп 1:0. Кездесудегі жалғыз голды алпыс бесінші минутта "Ренн" қорғаушысы Амари Траоре соқты.

Осылайша, "ПСЖ" соңғы үш матчта екінші рет қарсыластарына есе жіберіп отыр.

Сонымен қатар түнде "Монако" өз алаңында "Аяччо" клубын қабылдап, 7:1 есебімен ұтты. Гол авторлары: Дисаси, Диатта, Бен-Йеддер (хэт-трик), Эмболо (дубль) - Белаили.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2005434-renn-men-psz-arasyndagy-matcta-kutpegen-natize-tirkeldi/

pixel