Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барыс" хоккей клубы өз айдынында қатарынан төртінші матчта жеңілді

Опубликовано:

хоккей
"Барыс" клубының хоккейшісі: "Барыс" хоккей клубының ресми сайты

"Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын ресейлік "Сібір" ұжымына қарсы өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Барыс" аренада өткен матчта елордалық ұжым 1:2 есебімен қарсыласына есе жіберді. Осылайша, "Барыс" хоккей клубы өз айдынында қатарынан төртінші кездесуде жеңіліп отыр.

Матчтың нәтижесі:

"Барыс" (Астана, Қазақстан) - "Сібір" (Новосибирск, Ресей) 1-2.

Мергендігімен көзге түскендер:

1:0 — 05:40 Сагадеев,

1:1 — 17:47 Голубев,

1:2 — 42:01 Шаров.

Еске сала кетейік, "Барыс" хоккей клубы келесі кездесуін "Трактор" командасына қарсы өткізеді. Матч 19 қаңтар күні Челябинск қаласында болады деп жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2005579-barys-xokkei-kluby-oz-aidynynda-qatarynan-tortinsi-matcta-zenildi/

pixel