Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астана" футбол клубы сапынан тағы бір легионер кететін болды

Опубликовано:

футболшы
Килан Лебон жасыл алаңда. Фото: "Астана" футбол клубының ресми сайты

Килан Лебон "Астана" футбол клубы сапынан кетеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі елордалық ұжымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Килан елордалық клубқа 2022 жылдың тамыз айында қосылып, ел біріншілігінде "Астананың" чемпион атануына үлес қосқан.

Негізгі құрамда 13 ойын өткізген франциялық жартылай қорғаушы 2 гол соғып, 1 нәтижелі пастың авторы атанды.

"Астана" футбол клубы Килан Лебонға алғыс айтып, алдағы мансабына тек сәттілік тіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін франциялық жартылай қорғаушы Жереми Манзорро "Астана" футбол клубының сапынан кеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2005940-astana-futbol-kluby-sapynan-tagy-bir-legioner-ketetin-boldy/

pixel