Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астана" сапынан франциялық жартылай қорғаушы кетті

Жарияланған күні:

Манзоро
"Астана" футбол клубының ойыншылары. Фото: "Атсана" футбол клубының ресми сайты

Франциялық жартылай қорғаушы Жереми Манзорро "Астана" футбол клубының сапынан кетті. Бұл ақпаратты елордалық ұжымның баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Тараптардың өзара келісімі бойынша Жереми Манзорро "Астана" сапынан кетеді. Жереми 2022 жылғы маусымда елордалық ұжымның негізгі ойыншыларының біріне айналды. Өткен маусымда француз жартылай қорғаушысы 25 матч өткізіп, 3 гол соқты және 8 нәтижелі пастың авторы атанды.

Біз Жеремиге команданың жеңісіне қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз және сәттілік тілейміз", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Астана" футбол клубы черногориялық қорғаушы Жарко Томашевичпен келісімшартқа отырғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2005776-astana-sapynan-franciyalyq-zartylai-qorgausy-ketti/