Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тыйым салар едім": Айдос Ербосынұлы әйелдердің қан-жоса болып бокстасуына қарсы шықты

Опубликовано:

Айдос Ербосынұлы
Айдос Ербосынұлы. Фото: Suleimen Promotions

Қазақстандық кәсіби боксшы Айдос Ербосынұлы әйелдердің бокспен шұғылдануна қарсы шықты. Бұл туралы ол желідегі парақшасында хабарлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әйел заты нәзік жаратылыс қой. Менің қолымда болса, әйелдерге бұл спортпен айналысуға тыйым салар едім", - деп жазды спортшы Instagram-дағы сторизде.

Осылайша, қазақстандық боксшы Пуэрто-Рика өкілі Аманда Серрано мен мексикалық Эрика Крус арасындағы жекпе-жекке өз пікірін білдірген. Ербосынұлы жүктеген суреттен екі боксшы қыздың қан-жоса болып, төбелесіп жатқанын көруге болады.

Айта кетелік, Айдос Ербосынұлы 2022 жылдың қарашасында кубалық Дэвид Моррелмен кездесуіп, 12 раунд қорытындысы бойынша жеңіліп қалды. Бірақ жекпе-жектен соң комаға түсіп, біраз уақыт ауруханада жатты.

Қазіргі таңда ол емін жалғастырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2008245-tyiym-salar-edim-aidos-erbosynuly-aielderdin-qan-zosa-bolyp-bokstasuyna-qarsy-syqty/

pixel