jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Нокаут алған боксшы Айдос Ербосынұлының денсаулығына қатысты промоутерлер мәлімдеме жасады

    боксшы
    Айдос Ербосынұлы. Фото: Instagram/suleimen_promotions_official

    TGB Promotions промоутерлік компаниясы және Premier Boxing Champions телефраншизасы қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sports.kz-ке сілтеме жасап.

    Басылымның жазуынша, Айдос Ербосынұлы кубалық Дэвид Моррельмен болған жекпе-жекте нокаут алып, жасанды комаға түскен.

    "TGB Promotions және PBC өкілдері Айдостың командасымен бірге Миннеаполисте жүр және біз жағдайды мұқият бақылап отырмыз. Боксшының және оның отбасының жеке өмірін құрметтейтіндіктен, біз басқа ешқандай мәліметті бөлісе алмаймыз, бірақ біз бокс қауымдастығынан ол үшін дұға етуді сұраймыз", - делінген Fight Freaks Unite жария еткен мәлімдемеде.

    Еске сала кетейік, бұған дейін кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлының АҚШ-тың Миннеаполис қаласында өткен титулдық жекпе-жегі нокаутпен аяқталғанын хабарлаған едік.

    Супер орта салмақтағы WBA World титулы сарапқа салынған кездесу 12 раундқа жоспарланған болатын. Алайда жекпе-жектің аяқталуына санаулы сәт қалғанда кубалық былғары қолғап шебері Давид Моррель отандасымызды нокаутқа жіберді.

    Бұған дейін қарсыласы Айдосты нокдаунға түсірген еді.

    Нокаут алған боксшы Айдос Ербосынұлының денсаулығына қатысты промоутерлер мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.