Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Манчестер Юнайтед" маңызды матчта ұпай жоғалтты

Опубликовано:

Санчо
Санчо мен Рэшфорд. Фото: Twitter/Manchester United

Түнде футболдан Англия біріншілігінің кезекті матчы өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

8-турдың кейінге қалдырылған ойынында "Манчестер Юнайтед" пен "Лидс" кездесті. "Олд Траффорд" стадионында өткен матчта қарсыластар тең тарқасты. Есеп 2:2. Гол авторлары: Деньян Ньонто, Рафаэль Варан (өз қақпасына), Маркус Рэшфорд, Джейдон Санчо.

Осылайша, Эрин Тен Хагтың шәкірттері турнирлік кестедегі орнын жақсартатын мүмкіндікті мүлт жіберді.

Кездесу басталғанға дейін спорт сарапшылары аталған ойында "Манчестер Юнайтед" жеңіске жетеді деп болжаған еді. Алайда "Лидс" күтпеген нәтижеге қол жеткізді.

Айта кетейік, "Лидс" ойынның алпысыншы минутына дейін 0:2 есебімен ұтып жатты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2008680-mancester-yunaited-pen-lids-arasyndagy-oiynda-kutpegen-natize-tirkeldi/

pixel