Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанқош Тұраров әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды

Опубликовано:

Жанқош Тұраров
Жанқош Тұраров. Фото: instagram.com/zhankoshturarov

Белгілі қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров IBO-ның бірінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды boxrec.com.

Отандық спортшының қарсыласы - мексикалық Алехандро Менесес.

Кездесу 21 наурызда Алматы қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.

Айқас барысында Алехандро Менесеске тиесілі бірінші жартылай орта салмақтағы IBO (Халықаралық бокс ұйымы) титулы сарапқа салынбақ.

Жекпе-жек 12 раундтан тұрады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жанқош Тұраров Алматыда өткен бокс кешінде венесуэлалық Луис Энрике Ромероны ұтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2009666-zanqos-turarovtyn-alem-cempiony-tituly-usin-qasan-zekpe-zek-otkizetini-belgili-boldy/

pixel