Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі ресейлік спортшы 20 жасында қайтыс болды

Опубликовано:

Иван Осипов
Иван Осипов. Фото: Бүкілресейлік волейбол федерациясы

Жағажай волейболынан жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Иван Осипов 20 жасында өмірден өтті.

Бұл ақпаратты Бүкілресейлік волейбол федерациясы Telegram арнасында растады.

"Алты күн бұрын Ваня жантүршігерлік апатқа ұшырады және осы уақыт аралығында ол комада жатты. Дәрігерлер спортшыны құтқара алмады", - делінген хабарламада.

Бүкілресейлік волейбол федерациясы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Айта кетейік, марқұм Анатолий Василенкомен бірге 2019 жылғы жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2010208-belgili-reseilik-sportsy-20-zasynda-qaitys-boldy/

pixel