Қазақстандық тоғыз бірдей спортшының допинг тесті оң нәтиже көрсетіп, олар әр түрлі мерзімге барлық деңгейді жарыстан шеттетілді, деп хабарлайды Sports.kz.
Порталдың жазуынша, допинг дауына ілікен спортшылардың арасында 2020 жылы Токиода өткен жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Игорь Сон да бар. Спортшының ағзасынан метастерон табылған, соның салдарынан ол 8 жылға барлық деңгейдегі жарыстан шететтіліп отыр.
Соннан бөлек метастерон сынамасы оң нәтиже көрсеткен Алексей Дроздов, Абылай Әуелханов, Юлия Потассова, Руфина Чалкарова сынды зілтеміршілерде 2026 жылдың 28 наурызына дейін спорт жарыстарына қатыса алмайды.
Зілтемірші Карина Жүніспаева да 2024 жылдың 21 қазанына дейін жарыстардан шеттетілген. Оның канренон сынамасы оң нәтиже көрсеткен.
Сондай-ақ жеңіл атлеттер Александр Савгуров пен Екатерина Грицайдың да 2025 жылдың 26 қазанына дейін барлық жарыстан шеттетілгені белгілі болып отыр. Басылымның мәліметінше, спортшылардың қанынан оксандролон табылған.
Таеквондо шебері Жасурбек Исраилов та мельдоний сынамасы оң нәтиже көрсетуіне байланысты, 2025 жылдың 18 қарашасына дейін барлық деңгейдегі жарыстарға қатыса алмайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2010353-birden-9-qazaqstandyq-sportsy-doping-usin-sporttan-settetildi/