Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Grand Slam турнирі: Нұрқанат Серікбаев дзюдодан әлем чемпионын жеңіп, финалға шықты

Опубликовано:

Нұрқанат Серікбаев татамиде
Нұрқанат Серікбаев. Фото: olympic.kz

Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қазақстандық Нұрқанат Серікбаев финалға шықты. Ол мұндай ірі додада алғаш рет ақтық сынға шығып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұрқанат 60 келіге дейінгі салмақта белдесіп, жартылай финалда 2019 жылғы әлем чемпионы, грузиялық Лухуми Чхвимианиді ұтып кетті. Сондай-ақ ол турнир барысында Сауд Арабия мен Әзірбайжан балуандарын және Өзбекстан командасы үздіктерінің бірі Ділшодбек Баратовты таза жеңген.

Ташкенттегі турнирдің финалында Нұрқанат Серікбаев әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегері, Оңтүстік Кореялық Ким Вон Джунмен белдеседі. Бүгін татамиге шыққан өзге де отандық балуандар жүлделі орынға таласа алмайды.

Айта кетелік, Нұрқанат 2019 жылы Алматыда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2011664-grand-slam-turniri-nurqanat-serikbaev-dzyudodan-alem-cempionyn-zenip-finalga-syqty/

pixel