Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жылап отырмын": Бір-бірімен финалда кездескен әпкелі-сіңлілі каратешілердің әрекеті көпшілікті елжіретті (видео)

Опубликовано:

Мөлдір және Саяна Әнуарбек жеңіс тұғырында
Мөлдір және Саяна Әнуарбек. Скриншот: instagram/sayana_kids_shop

Әлеуметтік желіде әпкелі-сіңлілі каратеші қыздардың әрекеті қызу талқылануда. Бір-бірімен финалда кездескен жас спортшылар жанкүйер мен оқырманның көзіне жас алғызды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аталған видеоны кішкентай каратешілердің анасы желіде жариялаған. Бұл жағдай WKF каратеден Ақмола облысының чемпионатында болған. Бір салмақта өнер көрсететін әпкелі-сіңлілі Саяна және Мөлдір Әнуарбек финалда кездеседі.

Төреші ысқырық шалған соң спортшылар төбелесуден бас тартып, Саяна туған сіңлісі Мөлдірдің қолын көтерген. Саяна болса, әпкесінің жеңгенін қалап, көпке дейін жеңімпаз атанудан бас тартады.

Десе де, төреші бірінші болып сіңлісіне жол берген Мөлдірдің ұсынысын қабылдап, Саянаның қолын көтерді. Саяна Әнуарбек алтын алса, Мөлдір Әнуарбек күміс медаль жеңіп алды.

"Осындай қыздарды тәрбиелегеніміз үшін бақыттымын! Аллаға мадақ. Жылап отырмын", - деп жазды спортшы қыздардың анасы.

Желі қолданушылары да туған бауырлардың бұл әрекетін өте жылы қабылдап, мықты спортшы ғана емес, жақсы адам тәрбиелеп отырған ата-анасына алғыс айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2012092-zylap-otyrmyn-bir-birimen-finalda-kezdesken-apkeli-sinlili-karatesilerdin-areketi-kopsilikti-elziretti-video/

pixel