Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық гимнаст Милад Карими Бакудегі әлем кубогінде чемпион атанды (видео)

Опубликовано:

Милад Карими
Милад Карими. Фото: olympic.kz

Спорттық гимнастикадан Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Милад Карими алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Карими еркін жаттығудан 14.200 ұпай жинап, жеңіске жетті. Күміс медальді украиналық Илья Ковтун (13.933), қоланы америкалық Рилли Лус (13.733) иеленді.

Бұл Милад Каримидің биылғы маусымда жеңіп алған алғашқы жүлдесі. Бұған дейін Нариман Курбанов Германияда өткен әдем кубогі кезеңінде медаль алған.

Сондай-ақ бүгін Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан шорт-тректен әлем біріншілігінде қазақстандық Денис Никиша төртінші орын иеленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2012538-otandyq-gimnast-milad-karimi-bakudegi-alem-kuboginde-cempion-atandy/

pixel