Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

34 жастағы футболшы Месут Өзил спорттағы мансабын аяқтады

Опубликовано:

Месут Өзил
Месут Өзил. Фото: instagram.com/m10_official

34 жастағы неміс футболшысы Месут Өзил спорттық мансабын аяқтады. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшаларында хабарлаған, деп жазды "Чемпионат" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Ұзақ ойланғаннан кейін мен кәсіби футболдан кететінімді хабарлаймын. Маған 17 жыл бойы кәсіби футболшы болу бақыты бұйырды. Мен бұл мүмкіндігім үшін шексіз алғыс айтамын. Бірақ соңғы уақыттарда бірнеше жарақат алғаннан кейін үлкен футбол аренасынан кететін уақыттың келгені анық болды", - деді ол.

Месут Өзил өзі доп тепкен клубтарға да алғысын білдірді.

"Мен "Шальке-04", "Вердер" Бремен, "Реал" Мадрид, "Арсенал", "Фенербахче", "Истанбул Башакшехир" клубтарыма алғысымды айтқым келеді. Сондай-ақ мені қолдаған жаттытырушылар мен достарыма айналған командаластарыма рақмет", - деді Месут Өзил.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2013786-34-zastagy-futbolsy-mesut-ozil-sporttagy-mansabyn-ayaqtady/

pixel