Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік желіде сөз таластырып қалды

Опубликовано:

Жансая Әбдімәлік жарыс кезінде
Жансая Әбдімәлік. Фото: kazchess.kz

Қазақстанның үздік шахматшылары Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік әлеуметтік желіде сөзге келді. Екі спортшының жанжалына Жансаяның Делидегі турнирге қатыспай, кетіп қалғаны себеп болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жылдам шахматтан әлемнің екі дүркін чемпионы Бибісара Асаубаева командаласы Жансая Әбдімәліктің әрекетін сынға алып, желіде жазба қалдырды.

"Шахмат – бұл, әрине, жекелей спорт түрі. Бірақ жеке өзің болу мен пікірлес болу – әр басқа нәрсе. "Әркім өзі үшін" деген түсінікті кейбіреулер "бәріне түкіргенім бар"" деген мағынада көргісі келеді. Олардан өз қатесін түсініп, сыпайылықпен кешірім сұрауды ешқашан күтпейсің. Егер мұндай адамдар айналасына өтірікті жаудырса, сыпайылық туралы әңгіме айту қиын. Сірә, шындықты бүркемелеу – бірінші кезекте шахматшы екендігін ұмытқан Алматы мәслихатының бұрынғы депутаты Жансая Әбдімәліктің кәсіби қасиеті. Алайда кез келген кәсіби спортшы үшін кешірілмейтін нәрселер бар",- деп жазды Асаубаева.

Бибісараның айтуынша, Жансая Үндістанда өтетін Гран-при турнирінің басталуына бір сағат қалғанда жарысқа қатысудан бас тартқан. Бұл командаластары мен өзге де қатысушыларлды ыңғайсыз жағдайға тап қылады.

"Біз шұғыл жиналыс жасап, не істерімізді білмей жатқан кезде ол отельде қыдырып жүрген. Жансая өзінен бір елі қалмай, бірге жүрген ер адаммен ұшып келген. Басқалар жалғыз болса да, отельге ешқандай қиналыссыз жеткен. Кейбір шахматшылар Гран-приге қатысу үшін өзге жарыстардан бас тартқан, енді олар ыңғайсыз жағдайда қалды. Өтірік араласқан асығыс шешімнің салдарынан турнир болмай қалуы мүмкін. Соңғы сәтте өзі ойлап тапқан себептен бәрін тас-талқан қылғысы келген бір адамның кесірінен осылай болып отыр. Әрине, жергілікті ұйымдастырушыларға қатысты сұрақ көп. Бірақ көп мәселе Жансаяға, оның спортшыға тән емес әрекетіне қатысты. Аяқ астынан эмоцияға жол бергендігіне, әріптестеріне, тұтастай алғанда, өмірге деген көзқарасына, кәсібилігіне қатысты. Спортшылар кез келген күтпеген жағдайға беріле салмай, бәріне дайын болуы тиіс. Кез келген ұсақ-түйекке Жансая секілді қарасақ, онда спортпен қош айтысып, күйеуге шығып, борщ дайындау керек..." - деп аяқтады Асаубаева.

Көп ұзамай Жансая да өзіне айтылған сынға жауап қайтарды. Әбдімәлік өзіне бірнеше рет шабуыл жасаған Бибісараға жауап беруді ұйғарған.

"Бибісара Асаубаеваның бірнеше рет этикаға жат қылықтарына көңіл аудармауға тырысқам. Бірақ жауап қайтаратын сәт жетті. Үндістандағы Гран-при турниріне келетін болсақ, мен және әріптестерім (оның ішінде Асаубаева да бар) ұйымдастыру ісіне қатты таң қалдық. Ақылдаса келек, ФИДЕ президенті мен басқарушы Аппаратына хат жазып, өзіміздің көңіл толмаушылығымызды білдірдік және бұл кезеңді кейінег ауырстыру немесе өткізбеу керектігін сұрадық. Хатқа барлық қатысушы қол қойды, оның ішінде Асаубаева да бар. Қатысушылардың жаппай наразылығынан соң, ұйымдастырушылар жарысты белгісіз мерзімге шегерді. Мен ФИДЕ президенті Аркадий Дворкович пен атқарушы директор Эмиль Сутковскийге мұндай жағдайда ойнай алмайтынымды тікелей жеткіздім. Бибісара Асаубаеваның өтірігі мен екіжүзділігіне қарамастан, мен қабылдаған шешіміме еш өкінбеймін және шахматшылар қауіпсіз жағдайда ойнау керек деген пікірімде қаламын. Сондай-ақ міндетті түрде тұрмысқа шығып, күйеуіме шын көңілмен борщ пісіретін боламын. Себебі отбасылық өмір мен кәсіби мансабын қатар алып жүрген көптеген шахматшыны білемін және оларға қызыға қараймын", - деді Әбдімәлік.

Екі шахматшының көпшілік алдында сөз таластыруы оқырмандарға жаққан жоқ. Олардың басым бөлігі мұндай жағдайды өзара шешу керектігін жазып, командадағы қос үздіктің жанжалына теріс баға берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2014063-ozara-sesu-kerek-edi-zelide-zaga-zyrtysqan-bibisara-asaubaeva-men-zansaya-abdimalikti-zankuierler-synga-aldy/

pixel