Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

30 жастағы ресейлік әлем чемпионы жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Опубликовано:

Павел Кротов
Павел Кротов. Фото: Ресей фристайл федерациясы

Шаңғы акробтикасынан 2021 жылғы әлем чемпионы Павел Кротов көз жұмды. Бұл туралы Ресей фристайл федерациясының желідегі ресми парақшасы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әзірге Кротовтың неден қайтыс болғаны туралы нақты мәлімет айтылған жоқ. Ол 30 жасында о дүниелік болған.

Фристайл федерациясы спортшының отбасы мен әріптестеріне көңіл айтты. Федерация өкілдері Павелдің батыл әрі мейірімді адам болғанын жазды.

Кротов командалық акробатикадан 2021 жылғы әлем чемпионы. Сондай-ақ ол әлем чемпионаты мен әлем кубогі кезеңдерінен жүлде алған.

Ресей құрамасының сапында 2014 және 2018 жылғы Олимпиада ойындарына қатысып, Кореядағы ойында төртінші орынға табан тіреген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2014086-30-zastagy-reseilik-alem-cempiony-zumbaq-zagdaida-qaitys-boldy/

pixel