Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғұсман Қырғызбаев Антальядағы Grand Slam турнирінің жартылай финалына шықты

Опубликовано:

Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев татамиде. Фото: Olympic.kz.

Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінде қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев жартылай финалға шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

66 келі салмақта белдесетін Ғұсман жартылай финалда испаниялық Давид Гарсия Торнды жеңді. Кездесу "алтық ұпайға" дейін жалғасып, ескерту санымен Ғұсман жеңіске жетті.

Жартылай финалда Қырғызбаев Моңғолия елінің өкілімен кездеседі.

Айта кетелік, турнир барысында Ғұсман Гватемала, Түркия және Әзірбайжан балуандарын ұтты.

Сондай-ақ 60 келіде белдесетін Нұрқанат Серікбаев пен Шерзод Давлатовтар турнирдің ширек финалына жолдама алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2014927-gusman-qyrgyzbaev-antalyadagy-grand-slam-turnirinin-zartylai-finalyna-syqty/

pixel