Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбек қызына есе жіберген Эльжана Таниева әлем кубогінен күміс медаль жеңіп алды

Опубликовано:

Эльжана Таниева ұршықпен жаттығуда
Эльжана Таниева. Фото: olympic.kz

Болгария астанасы Софияда көркем гимнастикадан әлем кубогі аяқталды. Аталған сында қазақ қызы Эльжана Таниева жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды федерацияның ресми парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Эльжана ұршық, доп және таспа жаттығуы бойынша финалға шыққан болатын. Ақтық сын қорытындысы бойынша ол 30.900 ұпай жинап, күміс медаль иегері атанды.

Алтын жүлдені Өзбекстан құрамасының үздігі Тахмина Икромова иеленсе, қоланы бразилиялық Барбара Домингес еншілеген.

Бұл сында өнер көрсеткен тағы бір қазақ гимнасты Милана Парфилова іріктеу кезеңінен өте алған жоқ.

Айта кетелік, Эльжана Таниева Ресейдегі Иран Винер атындағы көркем гимнастика академиясында жаттығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2015086-ozbek-qyzyna-ese-zibergen-elzana-tanieva-alem-kuboginen-kumis-medal-zenip-aldy/

pixel