Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкин әлемдік рейтингтен шығып қалды

Опубликовано:

былғары қолғап шебері
Геннадий Головкин. Фото: Sarah Stier/Getty Images

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) рейтингті жаңартты. Оған сәйкес, қазақстандық Геннадий Головкин орта салмақтағы үздік 15 боксшының қатарына кірген жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұған дейін Геннадий Головкин WBA титулынан бас тартқан болатын.

GGG-дің бұл шешімі оның рейтингтегі позициясына әсер етті. Осылайша, отандық былғары қолғап шебері рейтингте үздіктердің қатарынан көрінген жоқ.

Сонымен қатар екінші жеңіл салмақта да екі қазақстандық орнынан айырылды. Сұлтан Зәуірбек 12-ден 13-ке төмендесе, ал бұған дейін 13-сатыда тұрған Бекман Сойлыбаев әлемдік рейтингтен шығып қалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Boxrec.com cайты наурыз айындағы қазақстандық боксшылардың рейтингін жариялаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2015309-golovkin-alemdik-reitingten-sygyp-qaldy/

pixel