Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Геннадий Головкин WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан ресми түрде бас тартты

Опубликовано:

былғары қолғап шебері
Геннадий Головкин. Фото: Sarah Stier/Getty Images

Қазақстандық кәсіпкой боксшы Геннадий Головкин WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан ресми түрде бас тартты, деп жазады Sports.kz

Геннадий Головкиннің 13 наурыз күні әлемнің "қарапайым" чемпионы Куба өкілі Эрисланди Ларамен міндетті жекпе-жегіне байланысты промоутерлік келісім жұмыстары жүру керек болатын.

Алайда бүгін отандық былғары қолғап шебері титулдан бас тарту туралы шешім қабылдаған.

Енді WBA нұсқасы бойынша орта салмақта бір ғана чемпион бар, ол - кубалық Эрисланди Лара.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың ақпан айында Геннадий Головкин IBF нұсқасы бойынша да чемпион атағынан бас тартқан еді.

Қазіргі уақытта қазақстандық боксшыда қорғауды қажет етпейтін және негізі белбеу ретінде есептелмейтін тек IBO титулы қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2012387-gennadii-golovkin-wba-nusqasy-boiynsa-alem-cempiony-atagynan-resmi-turde-bas-tartty/