Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кім ойлаған?": англиялық спортшы әйел 43 жасында төртінші баласын өмірге әкелді

Опубликовано:

Зоуи Джонс сәбиі және күйеуінің қасында
Зоуи Джонс. Фото: instagram/zjones_80

Мәнерлеп сырғанау шебері Зоуи Джонс 43 жасында төртінші баласын жарық дүниеге әкелді. Бұл туралы спортшы өзінің ресми парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жексенбі күні біз осы бір керемет кішкентай қыздың өмірге келгеніне қуандық. Кейде дұрыс бағыттағы кішкентай қадамның өзі өміріңіздегі ең үлкен қадам болуы мүмкін. Спорттық мансабымды қайта жалғастырған соң, осы жерде боламын деп кім ойлаған?" , - деп жазды Джонс.

Зоуи Джонс 1980 жылы дүниеге келген. Ол мәнерлеп сырғанаудан әлем және Еуропа чемпионаттарына қатысып, 21 жасында спортпен қоштасады.

Алайда араға 14 жыл салып, ол мұз айдынына қайта оралды.

Былтыр Монпельеде (Франция) өткен мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында ол Кристофер Бойаджимен жұптасып, оныншы орын иеленді.

Зоуидің кішкентай нәрестеден бөлек, егіз қыздары мен бір ұлы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2015577-angliyalyq-sportsy-aiel-43-zasynda-tortinsi-balasyn-omirge-akeldi/

pixel