Мәнерлеп сырғанау шебері Зоуи Джонс 43 жасында төртінші баласын жарық дүниеге әкелді. Бұл туралы спортшы өзінің ресми парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Жексенбі күні біз осы бір керемет кішкентай қыздың өмірге келгеніне қуандық. Кейде дұрыс бағыттағы кішкентай қадамның өзі өміріңіздегі ең үлкен қадам болуы мүмкін. Спорттық мансабымды қайта жалғастырған соң, осы жерде боламын деп кім ойлаған?" , - деп жазды Джонс.
Зоуи Джонс 1980 жылы дүниеге келген. Ол мәнерлеп сырғанаудан әлем және Еуропа чемпионаттарына қатысып, 21 жасында спортпен қоштасады.
Алайда араға 14 жыл салып, ол мұз айдынына қайта оралды.
Былтыр Монпельеде (Франция) өткен мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында ол Кристофер Бойаджимен жұптасып, оныншы орын иеленді.
Зоуидің кішкентай нәрестеден бөлек, егіз қыздары мен бір ұлы бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2015577-angliyalyq-sportsy-aiel-43-zasynda-tortinsi-balasyn-omirge-akeldi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.