Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бек Нұрмағанбеттің шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды

Опубликовано:

Бек Нұрмағанбет
Бек Нұрмағанбет. Фото: Instagram/suleimen_promotions_official

Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегін сәуір айында өткізетін болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Suleimen Promotions компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ресми: Suleimen Promotions боксшысы Бек Нұрмағанбет 15 сәуір күні АҚШ-тың Калифорния штаты, Помона қаласында сегіз раундтық жекпе-жек өткізеді.

Оның қарсыласы венесуэлалық Хеберт Рондон (20-3, 13 КО) болмақ", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Бек Нұрмағамбет кәсіпқой бокста сегіз жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның алтауы нокаутпен аяқталған.

Отандық боксшы соңғы кездесуін өткен жылы қазан айында өткізіп, мексикалық Лусиано Арауходан басым түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2015621-bek-nurmaganbettin-sarsy-alanga-qasan-oralatyny-belgili-boldy/

pixel