Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемнің экс-үшінші ракеткасын ұтқан Путинцева Ресейдің атақты теннисшісімен ойнады

Опубликовано:

Юлия Путинцева
Юлия Путинцева. Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева АҚШ-тың Чарлстон қаласында өтіп жатқан турнирдің келесі кезеңіне шыға алмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Отандық теннисші турнирдің екінші айналымында Ресей өкілі, әлемнің он жетінші ракеткасы Екатерина Александровамен шеберлік байқасты.

Бір сағат он минутқа жалғасқан ойында 1:6, 3:6 есебімен ресейлік спортшы жеңіске жетті.

Осылайша, Юлия Путинцева Чарлстон турнирінің жарыс жолынан шығып қалды.

Айта кетейік, қазақстандық АҚШ-тағы беделді жарыстың алғашқы айналымында Украина өкілі, әлемнің бұрынғы үшінші ракеткасы Элина Свитолинадан айласын асырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2015675-alemnin-eks-usinsi-raketkasyn-utqan-putinceva-reseilik-tennissimen-oinady/

pixel