Отандық теннисші үлкен спорттан біраз уақытқа қол үзіп қалған әлемнің экс-үшінші ракеткасын ұтты
Опубликовано:
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева АҚШ-тың Чарлстон қаласында өтіп жатқан турнирдің келесі айналымына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Отандық теннисші турнирдің алғашқы айналымында Украина өкілі, әлемнің бұрынғы үшінші ракеткасы Элина Свитолинамен шеберлік байқасты.
2 сағат 48 минутқа жалғасқан ойында Юлия Путинцева қарсыласынан басым түсті. Есеп: 6:7 (3:7), 6:2, 6:4.
Енді қазақстандық теннисші Чарлстон турнирінің екінші айналымында ресейлік Екатерина Александровамен ойнайды.
Айта кетейік, Элина Свитолина бір жылдан астам уақыт үлкен спорттан бала тәрбиесіне байланысты қол үзіп қалды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2015373-otandyq-tennissi-ulken-sporttan-biraz-uaqytqa-qol-uzip-qalgan-alemnin-eks-usinsi-raketkasyn-utty/