Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық теннисші Испаниядағы турнирдің ширек финалына шықты

Опубликовано:

Теннис
Михаил Кукушкин кортта. Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Испанияның Мурсия қаласында өтіп жатқан челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Отандық теннисші турнирдің екінші айналымында Испания өкілі, әлемдік рейтингте 316-орында тұрған Альваро Лопес Сан Мартинмен шеберлік байқасты.

Тартысты кездесуде Михаил Кукушкин қарсыласының матчты жалғастырудан бас тартуына байланысты жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтіп жатқан турнирдің ширек финалына жолдама алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2015787-otandyq-tennissi-ispaniyadagy-turnirdin-sirek-finalyna-syqty/

pixel